Нау 04, 2017 17:04 Asia/Almaty
  • Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – жетекшіліктің жарқын нұры 28

Илаһи пайғамбарлардың ерекшеліктеріне олардың мақұрым таптан шыққандары жатты. Cондықтан олар мақұрым, аш және зұлымдық көргендердің қиындықтары мен дерттерін жақсы түсінетін.

Ұлы Алла Исламның ұлық пайғамбары туралы: «Жарық күн және тыныштық туатын түнменен ант етемін. «Әлбетте Раббың саған береді де разы боласың. Сені жетім түрде тауып орналастырмады ма? Сені абыржуда көріп, жолға салмады ма? Сені кедей көріп, байытпады ма?»- деді. («Духа» сүресі  5-8-ші аяттары).

Сарапшылар Алла елшісінің жетім болуының хикметі мен философиясы туралы әртүрлі пікір білдіріп, әртүрлі сараптамалар жасағанымен, Ұлы Жаратушы әлемдіктердің басшысының адамзат қоғамын басқару міндетіне ие болмас бұрын күнделікті өмірдің тәттілігі мен ащылығын және мақұрымдардың дерттерін түсініп, қиындықтардан өтуді бастан өткеріп, өзі мен езілгендердің арасында ортақ сезім қалыптастырып, еш уақытта оларды ұмытпайтындай болуын қалады. Осыған орай Құран Кәрім «Духа» сүресінің жалғасында: «Ендеше жетімді қорлама. Сұраушыны зекіме»,- дейді. Сол кезде  Құран  маңызды тәрбие мәселесіне тоқталып, пайғамбарға: «Раббыңның нығметін білдір»,- дейді.

Мұхаммад (с.ғ.с.) Алланың елшісі

Әрине, сән-салтанатта өмір сүретін және мақұрым таптармен қарым-қатынас орнатпайтын басшылар мен қиындық дегенді білмейтін ақсүйектер еш уақытта олардың қиындықтарын түсінбейді және оларға көмектесе алмайды. Осыған орай Ұлы Алла Исламның ұлық пайғамбары тіпті бір сәт те мақұрымдармен арадағы қарым-қатынасын бұзбас үшін Алла елшісінің миғраж түні  оған: «Уа, Ахмад, мені жақсы көруің, кедейлер мен мұқтаждарды жақсы көргенің. Сондықтан оларға жақындап, олардың ортасына  бар. Байлардың өздері мен  олардың жиындарынан алыстаңдар. Расында, кедейлер мен мақұрымдар менің достарым»,- деді.

Исламның ұлық пайғамбары мақұрым топтар үшін Алланың алдында дұға жасап: «Мені  мұқтаж өмір сүріп, мұқтаж түрде өліп, мұқтаждардың ортасында болатындай ете гөр»,- деп сұрайтын.

Кейбір мұсылмандар Аллаға жақындау үшін ғибадаттардың бір бөлігін орындау қажет және тек осы жол арқылы ғана Аллаға жақындауға болады деп санайды. Бірақ Алланың елшісі Аллаға жақындайтын жол туралы: «Аллаға жететін жақын жол  мұқтаждар мен мақұрымдарға ғашық болып, соларға жақындау болып табылады»,- деген. («Макарем әл-Ахлақ» 171).

Өздерін мұсылман және Исламның ұлық пайғамбарының жақтастары санайтындар, мақұрымдарға көрсетілген зорлық-зомбылыққа немқұрайдылық танытпақ түгілі, олардың арасына келіп, ауыртпалықтарын жақыннан көріп,   олардың мәселелерін шешуге талпыныс жасайды. Алайда, нығметке бөленіп, жақсы өмір сүретіндер қоғамның кедейлері мен мұқтаждарының алдында өздерін жауапты санамайды. Құран  сырт көзге намаз оқып, өздерін Аллаға құлшылық етуші санайтындар туралы: «(Мұхаммад с.ғ.с.) Сондай дінді өтіріксінгенді көрдің бе?  Міне, сол жетімді қақпайлағанды, міскінді тамақтандыруға қызықтырмайды. Сондай намаз оқушыларға нендей өкініш! Олар намаздарын немқұрайлы оқиды. Олар көрсету үшін оқиды. Сондай-ақ олар тұтыну заттарына тыйым салады»,- деген. («Мәуін» сүресі). Бұл топқа керісінше,  Құран шынайы намаз оқушылар мен адал иман келтіргендер туралы  айтқан кезде олардың жомарттығы, садақа беріп, зекет төлеуіне  назар аудартып, намаздың терең мағынаға ие болып, бір жақтан Алламмен, басқа жақтан жаратылыстармен қарым-қатынас орнатуды көрсететінін баяндайды.

"Мәуін" сүресі

Алла елшісі бұл тақырыптың маңыздылығын көрсету үшін имам Әли (ғ.с.)-ге: «Уа, Әли! Алла Тағала жер бетіндегі мұқтаждардың махаббатын саған сыйлады. Сондықтан олардың сенің бауырларың екендігіне риза бол. Олар да сенің олардың басшысы болғаныңа риза»,- деген болатын. («Бихар әл-Анвар», 39-шы том). Мақұрымдар мен мұқтаждарға тек олармен бірге отырып, бірге тұратындар, солар сынды өмір сүріп, сән-салтанаттан алыстағандар ғана қызмет ете алады. Алла елшісінен тәрбие алған имам Әли (ғ.с.) пайғамбардың өмірлік жолы туралы: «Алла елшісі басқа пенделер сынды жерде отырып тамақтанып, өз киімі мен аяқ киімін өз қолымен жамап-жасқап алатын және атқа ер-тоқымсыз мінетін»,- деген болатын. («Әл-Һаиат» 2-ші том). Күндердің бірінде екінші халифа Омар бен Хатаб Исламның ұлық пайғамбары демалып жатқан мекенге кіріп келеді. Ол Алла елшісінің сабаннан тоқылған төсеніштің үстінде жатқанын көріп, таң қалады. Пайғамбар оның кіргенін көріп, жатқан жерінен тұрып, отырады. Омар ірі сабанның хазіреттің денесіне батқанын байқап: «Мен сенің Алланың елшісі екендігіңді және  өзіңе ерекшелік сыйлап, қадірлейтіндігіне куәлік етемін. Рим императоры мен Иранның патшасы материалдық өмірдің ең жақсы мүмкіндіктерінен ләззат алған. Олардың денесінде сабанның ізі де қалмаған»,- деді.      Пайғамбар: «Дүниенің олар үшін, ақыреттегі мәңгілік өмірдің біз үшін екендігіне риза емессің бе?» деген. 

Сауд Арабиясының мұнай ресурстарын талан-таражға салып, байлыққа бөленіп, өмір сүретін, сән-салтанатты сарайларда отыратындар мен АҚШ, Еруопа және сионизмге тәуелділер,  сондай-ақ бай мұнай қорларын сатып, дамыған қару-жарақ сатып алып, Йемен, Сирия мен Бахрейнде күнделікті жантүршіктірерлік қылмыстарды іске асырушылар өздерін  мұсылман  және Исламның ұлық пайғамбарынң жақтаушылары деп атай ала ма?

Сауд Арабиясындағы сән-салтанатты өмір сүру

Өкінішке орай, барлық исламдық құндылықтар мен адамгершілік негіздерін бұзушылар әрі «америкалық исламды» қолдаушылар өтіріктерімен өздерін пайғамбар сүннетінің жақтастары етіп көрсетпек. Сән-салтанатты өмір сүруді қалаудың зардаптарының біріне бірте-бірте адамның болмысында тәкаппарлық сезімнің оянып, қоғамның мақұрымдарымен бірге отыра алмақ түгілі, оларды кемсітуге дейін жетіп, өмірдің жылтырақтарын мәңгі деп ойлап, өмір туралы ұмытуы жатады. Құран Кәрім мұндай адамдардың теріс ерекшеліктері туралы: «Бүкіл қорлаушы, өсекшіге нендей өкініш! Сондай мал жиып, оны санағандарға. Негізінен малы, өзін мәңгі жасатады деп ойлайды. Олай емес, әлбетте ол «Хұтамаға» тасталады. «Хұтаманың не екенін қайдан білесің?» Ол Алланың жағылған оты, сондай жүректерді шалатын. Расында олар сол отқа қамалып, ұзын діңгектерге байланады»,- деген. («Һүмәзә» сүресі).

Исламның ұлық пайғамбары бірде сахабаларының ортасында отырған кезде жұпыны киінген кедей адам келіп, айналасына қарап, отыратын жер іздейді. Бір кезде бос жерге көзі түсіп, сол жерге отырады. Қас қылғанда бай адамның қасына отырған екен. Бай кедейді көріп, тәкаппарланып, киімінің етегін жинап, өзі шеттейді. Оның әрекетін байқап отырған Алланың елшісі оған бұрылып: «Кедейдің бір нәрсесі саған жұғады деп қорықтың ба?»- деп сұрайды. Бай: «Жоқ»,-деп жауап берді. Алла елшісі: «Киімің кірлейді деп алаңдадың ба?» Бай: «Жоқ, Алла елшісі» дейді. «Ондай болса, неге киіміңді жинап, одан алыстадың?» дегенде бай: «Қателескенімді мойындаймын. Қатемді өтеу үшін мүлкімнің жартысын осы мұсылман бауырыма сыйлауға дайынмын»,- дейді.

Кедей адам бұл ұсынысты қабылдамайды. Бұл оқиғаға куә болғандар одан неліктен  қабылдамайтыны туралы сұрағанда кедей адам: «Күндердің бірінде мен де тәкаппарлыққа салынып, өзім сынды  кедей мұсылман бауырыма дұрыс қарамайтын болармын деп алаңдаймын»,- деп жауап берді.  («Усул Кафи», 2-ші том).

 

Тегтер